Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда аурухана есепшісі 20 млн теңгені қолды еткен

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар аудандық ауруханасының бухгалтері 20 млн теңге бюджет қаржысын қалтасына басып, жеке мақсатына пайдаланған.

Солтүстік Қазақстанда аурухана есепшісі 20 млн теңгені қолды еткен

Экономикалық тергеу департаменті тергеу барысында аурухананың есепшоттарынан қаржының ұрланғанын анықтаған. Сөйтіп, «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу амалдары кезінде 2016 жылдың қаңтары мен 2018 жылдың желтоқсаны аралығында аудандық аурухананың бухгалтері қызмет бабын пайдаланып, республикалық бюджеттен түскен қаржыны өзінің жеке есепшотына аударып отырған. Қомақты қаражат кәсіпорынның қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген болатын» дейді департамент өкілдері.

Үш жылдың ішінде аудандық аурухана бухгалтері 20,8 млн теңгені жымқырған. Сот күдіктіні айыпты деп тауып, 3 жылға шартты түрде жаза кесті. Ол енді 5 жылға дейін материалдық жауапкершілігі бар қызметтерге орналаса алмайды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы